«Дуальды білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау кәсіптік біліммен өндірістің интеграция нысаны ретінде» дөңгелек үстел туралы

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 қарашасында Республикалық жоғары техникалық колледжібазасында «Дуальды білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау кәсіптік біліммен өндірістің  интеграция нысаны ретінде» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының, бейінді оқыту бойынша орынбасарларының және аға шеберлер  арасында дөңгелек үстел өтті. Барлығы 40 адам қатынасты.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына, бейінді оқыту бойынша орынбасарларына және аға шеберлерге арналған «Дуальды білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау кәсіптік біліммен өндірі

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 қарашасында Республикалық жоғары техникалық колледжібазасында «Дуальды білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау кәсіптік біліммен өндірістің  интеграция нысаны ретінде» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының, бейінді оқыту бойынша орынбасарларының және аға шеберлер  арасында дөңгелек үстел өтті. Барлығы 40 адам қатынасты.

«Электронды каталог, кітапхана веб-сайттар мен блогтар: қолжетімділік ақпараттық ресурстары оқырмандар үшін» облыстық семинар

on .

2018 жылдың 28 қараша күні облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернаты-кешені базасында облыстық «Электронды каталог, кітапхана веб-сайттар мен блогтар: қолжетімділік ақпараттық ресурстары оқырмандар үшін» тақырыбында семинары өткізілді.  Семинар жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры бойынша әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты. Барлығы 35 адам.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Экономика пәні бойынша облыстық олимпиадасы туралы

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 28 қарашасында Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Экономика пәні бойынша облыстық олимпиада оздырылды.

«Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кіріктірілген түрде оқыту негізінде тәрбиеленушілердің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру» облыстық семинар

on .

2018 жылдың 9 қарашасында Жаңақала ауданының «Жаңақала аудандық балалар бөбекжай» базасында «Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кіріктірілген түрде оқыту негізінде тәрбиеленушілердің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған облыстық «Өсу қадамы» мектебінің жұмысы туралы

on .

Ағымдағы жылдың 29–31 қазан  күндері Батыс Қазақстан облысы Білім басқарамының мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  Орал «Сервис» технологиялар колледжі базасында «Өсу қадамы» жас әдіскерлер мектебінің кезекті оқыту семинары болып өтті.