Облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2018» байқауы

on .

        2018 жылғы  26 қаңтар күні білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұны аясында шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтердің мәртебесін көтеру, тәжірибелерін насихаттау және қолдау мақсатында   облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2018»  байқауы өткізілді.

        Байқауға аудандық (қалалық), облыстық білім бөлімдерінің мектептерінен 15 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

        Байқаудың қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының дипломдарымен және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттарымен төмендегі бастауыш сынып мұғалімдері марапатталды:

- Бас жүлде – Кукенова Венера Мақсотқызы, Орал қаласы №44 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;

- I орын – Ильясова Гулбаршын Шарафудиновна, Жаңақала ауданы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

- II орын – Биянко Ирина Викторовна, Ақсай қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

- III орын – Батырова Гульжанат Нурбергеновна, Ақжайық ауданы Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

Аталымдар:

 - «Үздік жаңашыл педагог» - Кожагалиева Гульжайнар Набигалиевна, Жәнібек ауданы Ғ.Қараш атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

 - «Үздік инновациялық жоба» - Самиева Балкенже Онгарбековна, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

- «Инновациялық әдіс-тәсілдер қолданушы» - Балмулдина Дамира Космонавтовна, Тасқала ауданы Семиглавый Мар жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

 

IMG0639
IMG0691
IMG0726
IMG1007
IMG0992