Облыстық «Өсу қадамы» әдіскерлер мектебінің жұмысы

on .

   Облыстық «Өсу қадамы» әдіскерлер мектебінің екінші шақырылымы 2018 жылдың 17-18 қаңтар  күндері Орал политехникалық колледжі базасында өткізілді. Мектеп жұмысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 24 әдіскері қатысты. Жұмыс барысында әдіскерлер 2 ашық сабақ және «Сабақтың педагогикалық талдауы - оқытушының кәсіби педагогикалық деңгейін көтеру жолы», «Әдістемелік бірлестік жетекшілердің жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру», «Педагог портфолиосын жинақтаудың тиімді жолдары», «Колледждегі әдістемелік жұмыстардың маңызды бағыттарының бірі- жас мамандармен жұмыс», «Педагогикалық кеңес арқылы педагогикалық ұжымының инновациялық қызметіне кіру моделі»,  «Педагогикалық жүйені тиімді басқарудың жолдары» тақырыбында тренинг сабақтарына қатысты.
      Қатысушылар мектеп жұмысының талқыланған тақырыптарының өзекті екенін айтып өтті.
 

IMG-20180117-WA0029
IMG-20180117-WA0050
IMG-20180118-WA0012
IMG-20180118-WA0072
IMG-20180118-WA0112