Облыстық «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауда психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесі мен психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті басшысының рөлі» тақырыбындағы оқыту семинары

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10 қаңтары күні «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауда психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесі мен психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті басшысының рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтары күні мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, арнайы білім беру ұйымдарының өзара әріптестік байланысы арқылы іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауда психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесі мен психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті басшысының рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға аудандық, қалалық арнайы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Жұмыс барысы әдістемелік шеберхана түрінде ұйымдастырылып, арнайы білім беру жүйесіне кіріктірілген оқыту принциптерін қолдану, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата - аналарына ерте түзеу жұмыстары мен консультациялық жұмыс сапасы деңгейін көтеру жолдары қарастырылды.
Семинарға қатысушылар талқыланған мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті және бірлескен ұсыныстар дайындады.