«Мамандықтың бәрі жақсы» атты облыстық фестивалі

on .

А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында мектеп оқушыларына мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты облыстық фестивалі өтті.
Аудандардағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары қатысты.
Фестиваль 2 бөлімді қамтыды. 1-ші бөлімде А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Технологиялық колледжі, Зеленов колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледждері презентация, бейнетаспа және шеберлік сыныптары арқылы өз ұйымдарының мамандықтарын жаранамаланып, көрмелер ұйымдастырылды.
Ал, 2-ші бөлімінде Орал «Сервис» технологиялық колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, Орал политехникалық колледждері аудан оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.