«Оқушыны ұлттық бірыңғай тестіге психологиялық тұрғыдан дайындаудың ерекшеліктері» атты онлайн семинар

on .

БҚО Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 23 қаңтарында оқушылардың ҰБТ-ге психологиялық дайындықтарын пысықтау, өз-өзіне, өзінің күшіне сенімділіктерін арттыру, сонымен қатар, ата-аналармен және педагогтермен жұмыстанудың әдіс-тәсілдерін таныстыру мақсатында «Оқушыны ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындаудың ерекшеліктері» атты облыстық онлайн семинар өткізілді. Семинарға облыстың білім беру ұйымдарының педагог-психологтері мен сынып жетекшілері қатысты.
Семинар барысында педагогтерге «Сенім менің серігім», «Жетістікке жеткізер жол» атты психологиялық кеңестер мен түзету-дамыту тренингтерін Зеленов ауданы Достық ЖОББМ педагог-психологі  Н.Куаншалиева, облыстық мамандандырылған дарынды  балаларға арналған мектеп-интернатының педагог-психологі О.Ерниязов және Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ педагог-психологі М.Жұмағали жүргізді.
Семинар соңында ұсыныстар қабылданды.