«Үздік психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» атты сырттай облыстық бейнесалон байқауы

on .

2018 жылдың 25 қаңтары күні  «Үздік психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» атты сырттай облыстық бейнесалон байқауы өткізілді.

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және мамандарының кәсіптік шеберлігін арттыру арқылы балаларға түзете-дамыту жұмысына көмек беру жүйесін жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні «Үздік психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» атты сырттай облыстық бейнесалон байқауы өткізілді.

Байқауға 10 аудандық психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті, (бұдан әрі ППТК-і)  педагог-психологтер,  педагог-дефектологтер, педагог-логопедтер,  әлеуметтік педагогтер,  тәрбиешілер,  ерте жастағы дефектологтер,  саз-ырғақ мұғалімі және  емдік дене шынықтыру мамандары қатысты. Барлығы 54 адам.

Байқаудың қорытындысы:

Ұсынылған материалдардың қорытынды нәтижесінде 1 орын - Казталов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті (меңгерушісі Д.Ж.Салыхова) жеңімпаз атанып,  2 орын - Тасқала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті (меңгерушісі Н.О.Сахмиденова) және де 3 орын - Сырым  ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті (меңгерушісі А.К.Ниязгалиева) жүлдегер атанды.

Бөкей ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті «Нәтижеге бағытталған кабинет» (меңгерушісі А.Қ.Атаева), Шыңғырлау ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті «Шығармашылық кабинет» (меңгерушісі А.К.Есенова) номинацияларға ие болды.

Педагог-дефектолог мамандығы бойынша: 1 орын - Хасенова Ұлбосын Ерболатқызы (Бөкей ордасы ауданының ППТК-і), 2 орын - Ракымберлиева Қызғалдақ Амангелдіқызы (Шыңғырлау ауданының ППТК-і), 3 орын - Даулеткереева Маншук Ұзақбайқызы (Жаңақала  ауданының ППТК-і) жеңімпаздары атанды.

Педагог-психолог мамандығы бойынша: 1 орын – Урбисинова Алтынай Қуанышбайқызы (Теректі ауданының  ППТК-і), 2 орын - Валиева Самал Бақытжанқызы (Тасқала ауданының ППТК-і), 3 орын - Казимова Нұрсәуле Есқалиқызы (Жаңақала ауданының ППТК-і) жүлделерге ие болды.

Емдік дене шынықтыру мамандығы бойынша: 1 орын - Бисенбиев Қуаныш Мерекеевич (Сырым ауданының ППТК-і), 2 орын - Мамбетова Алтынай Анисқызы (Жаңақала ауданының ППТК-і), 3 орын - Сагындыкова Ұлпан Жадрақызы (Жәнібек ауданының ППТК-і) жүлдегерлері атанды.

Педагог-логопед мамандығы бойынша: 1 орын - Хуснутдинова Наталья Сергеевна (Зеленов ауданының ППТК-і), 2 орын - Бисембаева Айтолқын Сарсенбайқызы (Бөкей ордасы ауданының ППТК-і), 3 орын - Губашева Эльмира Нұрланқызы (Казталов ауданының ППТК-і)  жеңімпаздары атанды.

Тәрбиешілер бойынша: 1 орын - Рабаева Айслу Базарбайқызы (Шыңғырлау ауданының  ППТК-і), 2 орын - Адилова Гүлдана Қанатқызы (Казталов ауданының ППТК-і), 3 орын - Ермұханова Райгүл Баймұратқызы (Сырым ауданының ППТК-і) жүлделерге ие болды.

Әлеуметтік педагог мамандығы бойынша: 1 орын - Тулешова Самал Жанайқызы (Сырым ордасы ауданының ППТК-і), 2 орын - Абилова Зауре Мұтиголлақызы (Бөкей ордасы ауданының ППТК-і), 3 орын - Исламгалиев Әділбек Мұратұлы (Тасқала  ауданының ППТК-і) жеңімпаздары атанды.

Ерте жастағы дефектолог бойынша: 2 орын - Жардемалиева Эльнора Жүсіпбекқызы (Казталов ауданының  ППТК-і), 3 орын - Лукпанова Әсел Бөкенбайқызы (Жәнібек ауданының ППТК-і) жүлделерге ие болды.

Саз-ырғақ мұғалімі бойынша: 2 орын - Аронова Жарқын Гадықызы (Қаратөбе ауданының ППТК-і), 3 орын - Мустаев Жанабил Құрманғазыұлы (Жәнібек ауданының ППТК-і)  жеңімпаздары атанды.

Байқау жеңімпаздарды дипломдар және грамоталармен марапатталды.