«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел

on .

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жүйесін және оны іске асырудың тиімділігін анықтау мақсатында «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау  департаментінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департментінің сыбайлас жемқорлық  профилактикасы мен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріндегі қамқоршылық кеңес жұмысына басшылық жасайтын мамандар,  қамқоршылық кеңестің  мүшелері және облыстық мектеп директорының орынбасарлары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңес бойынша мониторинг қорытындысы, мектеп ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, қамқоршылық кеңес жұмысының жүргізілуі талқыланды. Сонымен қатар, Орал қаласының физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» директорының профильді-экспериментальдық жұмыс жөніндегі орынбасары А.Султанов, Орал қаласының №35 мектеп-лицейінің директоры Л.Черыкаев, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің қамқоршылық кеңес мүшесі Г.Есмағұлова және дарынды балаларға арналған мамандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешенінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі А.Сағынғалиева өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

DSC0033
DSC0042
DSC0046
DSC0047
DSC0056
DSC0053
DSC0058
DSC0060
DSC0062
DSC0066
DSC0069
DSC0070