«Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» атты семинар-тренинг

on .

БҚО Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 30 қаңтарында балалар мен жасөспірімдердің бойында позитивті өмірлік ұстанымын қалыптастыруда ұстаздар мен ата-аналардың сауаттылығын арттыру, педагог-песихологтерге әдістемелік көмек беру мақсатында «Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» атты облыстық семинар-тренинг өткізілді. Семинарға облыстың білім беру ұйымдарының педагог-психологтері қатысты.

Семинардың барысында суицидтік мінез-құлық анықталған жағдайдағы жұмыс жүргізу алгоритмі, тәуекел тобын анықтаудағы негізгі психологиялық қызметтің түрлері және алдын алу бойынша практикалық жұмыстар көрсетіліп, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алуда ата-ананың рөлі тақырыбында психологиялық кеңестер берілді.

Семинар соңында ұсыныстар қабылданды.

20180130141537
IMG-20180130-WA0048
IMG-20180130-WA0051
20180130154308
IMG-20180130-WA0058