«Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн семинары

on .

Қазіргі қоғамымызда белең алған балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру туралы ұстаздар мен ата-аналардың сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғушылықтың  алдын алу» тақырыбында онлайн семинары өткізілді.
Семинарға аудандық (қалалық) білім беру беру бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік-психологиялық қызмет бойынша  әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер және ата-аналар қатысты.
Семинар барысында кәмелетке толмағандар арасында жалпы қылмыстың,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру жолдары мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Орал қаласы №42 «Ақниет» мектеп гимназиясының педагог-психологі Н.Наурызова «Балаларға қатыгездікпен қарау және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алудағы  әке тәрбиесінің  рөлі» мен Теректі ауданы Шаған ЖОББМ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Амандықова «Өмірдің қауіпті жағдайлары және оны болдырмау жолдары» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңы «Ата-ана өзіңіз үлгі болыңыз!» бейнеролигімен, ұсынбалар қабылдаумен қорытындыланды.

IMG-20180202-WA0031
IMG-20180202-WA0035
IMG-20180202-WA0037