«Химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту: бүгіні мен болашағы» семинар-практикум

on .

2018 жылдың  7 ақпан  күні  Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп интернат кешенінде  биология, химия, физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша тиімді тәсілдерді сабақта қолдану және тәжірибе алмасу мақсатында «Химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту: бүгіні мен болашағы» тақырыбында семинар – практикум  өткізілді.

Семинар жұмысына аудандық (қалалық) жалпы білім беру ұйымдарының  химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқытып отырған  мұғалімдер  қатысты. Барлығы – 43 педагог.

Семинар барысында  «Электр тогының энергиясы», «Табиғи сұрыптау», «Қышқылдардың химиялық қасиеттері» сабақтары ағылшын тілінде жүргізіліп,  «CLIL принциптері және оқыту үрдісінің тиімді тәсілдері», «Биология пәнін ағылшынша оқытуда CLIL&ICT қолдану», «Химия пәнін ағылшынша оқытуда CLIL&ICT қолдану» тақырыптарында шеберлік сыныптар өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

DSC0134
DSC0214
DSC0238