«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» семинар-практикум

on .

2018 жылдың  9 ақпан  күні  Орал қаласы Ж.Молдағалиев ат.№2 ЖОББМ базасында «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив курсын жүргізетін  мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік дағдылар деңгейін көтеру мақсатында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуды ұйымдастырудың  әдістемелік  тәсілдері» тақырыбында семинар –практикум  өткізілді.

Семинар жұмысына аудандық (қалалық) жалпы білім беру ұйымдарының  пән  мұғалімдері  қатысты. Барлығы – 41 педагог.

Семинар барысында ашық сабақтар мен  «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінде оқушының діни сауаттылығын арттыратын әдіс- тәсілдер», «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив курсын оқытуда АКТ тиімділігі» және т.б тақырыптарда шеберлік сыныптар өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

index
index1