«Оқушылардың олимпиадалық және шығармашылық әлеуеті, олармен жүргізілетін педагогикалық жұмыс ерекшеліктері» аймақтық семинар-практикум

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың  9 ақпан  күні  Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясы базасында «Үздік педагогтердің» қатысуымен оқушыларды пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларға дайындаудағы тиімді әдістер арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Оқушылардың олимпиадалық және шығармашылық әлеуеті, олармен жүргізілетін педагогикалық жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында  аймақтық семинар – практикум  өткізілді.

Аймақтық семинарға Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарының білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, биология, география пәндерінен пәндік олимпиадаға оқушылар дайындап жүрген мұғалімдер  қатысты. Барлығы – 71 педагог.   

Облысымыздағы «Үздік педагогтер» Г.Ү.Таскарина «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды олимпиадаға дайындаудың жолдары», Э.А.Траисова «Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру», С.М.Казиханов «Математика пәнінен олимпиада есептерін шығару және шешу жолдары», Л.Г.Чернецова «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында биология пәнінен олимпиада резервтерін дайындау», А.Б.Сидарова «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары, олимпиадада кездесетін сапалық тапсырмаларды талдау» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. «Үздік педагогтер» мен пән мұғалімдері арасында кәсіби өсуге бағытталған жұмыстар жүргізілді, оқушыларды түрлі шығармашылық байқаулар мен пәндік олимпиадаларға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.