Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызмет көрсету саласының өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Үздік өндірістік оқыту шебері» атты облыстық байқауы

on .

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 14 ақпан күні Тасқала колледжі базасында өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру, өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік өндірістік оқыту шебері»  атты облыстық байқауы оздырылды.

Облыстық байқау үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең - «Менің өндірістік сабағым» (бұл турда өндірістік оқыту шебері  жаңа технологияларды пайдалана отырып бір сабақ көрсетті.)

Екінші кезең - «Өндірістік оқыту шеберінің шығармашылық және инновациялық қызметі» тақырыбында жұмыстарын  қорғады (слайд, бейнеролик, т.б түрінде).

Үшінші кезең - «Шеберлер қаласы» көрме (бұл кезең бойынша байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби шығармашылық жұмысын, студенттермен бірлескен түрде дайындалған қол өнер бұйымдарын ұсынды).

Байқауға  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызмет көрсету саласы бойынша 14 өндірістік оқыту шеберлері  белсене  қатыса отырып,  өздерінің жеке әдістемелік идеясының өзектілігі мен жаңашылдығы,  білім беру үдерісінің жаңа технологияларының әдістерін енгізу, білімді өндіріспен байланыстыру жәнежетілдіру жұмыстарымен бөлісті.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша  жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысы білім   басқармасының дипломдары  және  грамоталарымен:

I орын   –  А.Мукатаева,  Орал «Сервис» технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері;

II орын  –  А.Куспаева,  Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;

II орын  –  М.Аюпова,  Жәнібек колледжінің өндірістік оқыту шебері;

III орын  –  А. Байтасова, Сырым колледжінің өндірістік оқыту шебері;

III орын  –  Б.Латиева, Тасқала колледжінің өндірістік оқыту шебері.

Аталымдар:

«Шығармашыл өндірістік оқыту шебері» - Б.Жумагалиева, Теректі колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Жаңашыл өндірістік оқыту шебері»  - А.Боргелова, Технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Ізденімпаз өндірістік оқыту шебері» - А.Гатауова, Қаратөбе колледжінің өндірістік оқыту шебері   марапатталды.

IMG3413
IMG-20180216-WA0003
IMG0853
IMG-20180216-WA0016
IMG3222
IMG3223
IMG3224
IMG3227
IMG3226
IMG3236
IMG3228
IMG3242