«Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты оқыту семинары
Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19-20 ақпанында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбие үдерісіне психологиялық қолдау көрсету мақсатында жас педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты облыстық оқыту семинары өткізілді. Семинарға аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының 25 жас педагог-психологтері қатысты.
Оқыту семинарының теориялық және практикалық бөлімдерінде облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының педагог-психологі Қ.Райымова, Орал қаласы жаратылыстану-математика бағытындағы №41 МЛ педагог-психологі С.Тажен, Тасқала ауданы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің психологі С.Валиева өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында білім беру ұйымдарында әлеуметтік-психологиялық қызметтің қағидалары, ерекше білімді қажет ететін балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу және оқушыларды әлеуметтендіру бағытында практикалық жұмыстар көрсетіліп, жас педагог-психологтерге психологиялық кеңестер берілді.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.