«Біздің мәртебеміз – бейбітшілік пен келісім» тақырыбындағы аймақтық панорама

on .

2018 жылдың 19-21 ақпан аралығында Бөрлі және Зеленов аудандарында білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Біздің мәртебеміз – бейбітшілік пен келісім» тақырыбында аймақтық панорама өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы  ұлтаралық келісім мен достықты нығайту, біздің облыста тұратын барлық ұлттарға деген толеранттылық қарым-қатынасты қалыптастыру  және іс-тәжірибе алмасу.

Панорамаға БҚО Ішкі саясат басқармасы, БҚО Дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» мамандары,  «Достық» үйінің мүшелері және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты.

Теориялық  бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық татулық пен келісімді қалыптастырудың маңыздылығы, діни толеранттылық мәселелері  талқыланды.

Панораманың  практикалық бөлімінде аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің   тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері мен облыстық мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аймақтық панорамаға барлығы 140 адам қатысты.

20180219112117
20180219115505
20180219120756
20180219134507
20180219122739
20180219134622
20180219140831
20180219140731
20180219141025
20180219145903
20180219145934
20180219145224
20180221103551
20180221104246
20180221112532
20180221112810
20180221124108
20180221124833
20180221125935
20180221130517
20180221131150
20180221132726
20180221132540
20180221141231
20180221142618