«Біріктірілген сыныптағы сабақ: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар-практикум

on .

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 21 ақпан күні Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький жалпы орта білім беретін мектепте «Біріктірілген сыныптағы сабақ: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімдерінің шағын жинақталған  мектептердегі біріктірілген сыныптар мұғалімдері қатысты.

Семинар практика және теория түрінде өтті. Практика бөлімінде «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» тренинг, Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»; «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі»; «Изменение глаголов по времени»; «Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулер», «Теңдеу шешу»; «Special days», «Transport»; «Аir transport»,  «Travelling to cities of Great Britain» тақырыптары бойынша үздік сабақтар өткізілді.

Өңірлік тәжірибе алмасулар бөлімінде «Біріктірілген сыныптардағы қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың 5 идеясы» әдістемелік алаңы мен «Шағын жинақталған мектеп жағдайындағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру» тақырыбында ашық диалог ұйымдастырылып, мазмұнды мәліметтер берілді.

Семинар соңында қатысушылар «Шағын жинақталған мектептің біріктірілген сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбындағы өзекті мәселені талқылады.

20180221092023
20180221093458
20180221094413
20180221094314
20180221095824
20180221100641
20180221095841
20180221123619
20180221130923
20180221130958
20180221125416