«Батыс Қазақстанның үздік педагогикалық династиясы» облыстық байқауы

on .

2018 жылдың 23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жоспарына сай Орал қаласындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп базасында педагогикалық әулеттердің өкілдеріне көптеген жылдар бойы жемісті еңбек, білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіру, педагогикалық мамандықтың беделін нығайтуға ықпалдасу, педагогикалық  династиялармен жинақталған іс-тәжірибені анықтау және тарату аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің күштерін біріктіру, білім берудегі отбасылық және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында  «Батыс Қазақстанның үздік педагогикалық династиясы» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:

  • педагогикалық әулеттің галереясы – әулет туралы мәліметтерді, отбасының тарихын ашып, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі бойынша стендтік таныстырылымы;
  • педагогикалық әулеттің өзі-өзі таныстыруы;
  • «Отбасылық хобби» отбасылық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, қызықты фактілерді және құжаттық дәлелдерді көрсете білуі;
  • әулет өкілдерін құрметтеу және марапаттау;
  • қатысушыларға арналған мәдени бағдарлама.

Байқау жұмысына бастауыш, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерден, барлығы 11 педагогикалық династиясы  қатысты.

281686874044601866697964893525501602217736n
283776764044642566693896976827354745886863n
DSC0472
DSC0330
DSC0525
DSC0545
DSC0665
DSC0583