«Жылдың әлеуметтік педагогі» облыстық байқауы

on .

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 МГ базасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және қоғамда әлеуметтік педагог мамандығының дәрежесін көтеру, білім беру жүйесінде әлеуметтік-психологиялық бағытты жетілдіру мақсатында «Жылдың әлеуметтік педагогі» облыстық байқауы өткізілді.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

1-кезең «Тұсаукесер»

2-кезең «Проблемалық ситуацияларды шешу»

             «Тренинг өткізу»

3-кезең «Жоба қорғау».

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

І орын– Салменова Ақылай Жандуллақызы (Бөкей ордасы  ауданы, Ш.Жексенбаев ат. ЖОББМБ)

ІІ орын– Есенгалиев Ерлан Тасқалиұлы (Орал қаласы, №3 ЖОББМ)

ІІІ орын– Бисекенова Индира Бекболатқызы (Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат)

Номинация иегерлері:

«Креативті әлеуметтік педагог» номинациясы – Кесекова Гүлназ Рашитқызы (Теректі ауданы, Х.Есенжанов ат.ЖОББМ)

«Ізденімпаз әлеуметтік педагог» номинациясы – Ахмедалиева Дина Уалиқызы (Тасқала ауданы, ЖОББ Қ.Сәтбаев ат.М)

«Шығармашыл әлеуметтік педагог» номинациясы–Сапиева Ақгүлнар Санаққызы (Ақжайық ауданы, Ж.Молдағалиев ат.ОЖББМ)

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

IMG-20180226-WA0027
IMG-20180226-WA0033
IMG-20180226-WA0062
IMG-20180226-WA0066
IMG-20180226-WA0079
IMG-20180226-WA0085