«Табысқа жету формуласы: оқытамыз, үйренеміз, ізденеміз» тақырыбындағы халықаралық қатысуымен I-ші жас педагогтер жәрмеңкесі

on .

2018 жылдың 27-28 ақпан күндері «Табысқа жету формуласы: оқытамыз, үйренеміз, ізденеміз» І-ші жас педагогтер жәрмеңкесі Орал қаласының Оқушылар және жастар сарайында  өткізілді.

Жәрмеңке білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру тетігі ретінде қазіргі заманғы білім беру ресурстарын пайдалану және құру мәселелері бойынша ғылыми және практикалық тәжірибелердің кең алмасуын көздеді.

Жермеңкеге Ресей Федерациясының Саратов, Самара және Батыс Қазақстан облысының тәжірибелі және жас мамандары қатынасты. Барлығы - 120 қатысушы.

Жәрмеңкенің алғашқы күні қатысушылардың келуі мен көрме стендтерін безендіруден басталды.

Екінші күні шараның салтанатты ашылуы және жас педагогтердің стендті және әдістемелік жұмыстарын қорғау презентациясы, «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» саяхат және «Тиімді сабақты қалай өткізуге болады?» атты оқыту семинары өткізілді.

Үшінші күні педагогтер өзара тәжірибе алмасып, шеберлік  сыныптарын өткізді. Шеберлік сыныбы барысында шығармашылықпен, өзіндік жаңа идеялармен құрастырылған әдістемелік материалдар, оқыту, тәрбиелеу және бағалау бойынша белсенді әдіс - тәсілдер, жеке оқушылардың білім жетістіктерін әзірлеу, бақылау - өлшеу материалдарын объективті бағалау және білім алушылардың оқудағы жетістіктерін пайдалану бойынша мониторинг,  ата-аналармен белсенді жұмыс формалары ұсынылды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

1
2
7
5
16
18
17
34
36
35
37
40
53
51
55
58
60
68
70
83
89
92
93