Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасындағы ғылыми-практикалық конференциясы туралы

on .

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 27 ақпан күні Орал «Сервис» технологиялық колледжі базасында «Ақжайығым-туған мекенім, қойнауың тұнған шежіре» атты облыстық студенттік ғылыми- практикалық конференциясы оздырылды.

Мақсаты: туған өлке тарихын зерттеу, студенттерді ғылыми ізденіске баулу, студенттерінің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін әрі қарай дамыту.

Конференцияның пленарлық отырысында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы Б.Н.Бақтығұлова,БҚО тарихи-өлкетану музейі филиалы С.Ғұмаров музей – үйінің қызметкеріА.К.Абдрахманова сөз алды.

Үш бағыт бойынша оздырылған секциялар отырысында ТжКББ ұйымдарының 59 студенті өз баяндамаларын және жобаларын ұсынды.

Конференцияның қорытындысы бойынша үздік қатысушыларға дипломдар, грамоталар табыс етілді.

IMG20180227103841
IMG20180227113506-1
IMG20180227141225
IMG20180227141521