Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Өз ісімді қалай бастаймын?» атты онлайн режимінде өткен облыстық семинар-тренингі туралы

on .

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 1 наурызында «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында «Өз ісімді қалай бастаймын?» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында онлайн режимінде семинар – тренинг өтті.

Семинардың мақсаты: студенттердің кәсіпкерлік қызметке деген қаржылық сауаттылығын, қызығушылығын және  белсенділігін арттыру, жастарды бизнес-ортаға бейімдеу.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, колледждердің бизнес - клуб мүшелері қатысты.

Семинар жұмысына Білім басқармасының кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің бас маманы қатысты. «Бизнес қауымдастығы» ЖШС директоры Д.С. Сатқанов тәжірибесімен бөлісіп, өз ісін қалай бастағаны жөнінде мәлімдеп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша филиалының  бас менеджері ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Батыс Қазақстан индустриалды колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Табысқа жету стратегиясы» атты бизнес-тренинг өткізді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауап алды. Онлайн семинарға калалық және ауылдық колледждерден барлығы 400 студент қатынасты.

IMG20180301155915
IMG20180301163634
IMG20180301164001