Облыстық «Зерде-2017» озат тәжірибе алмасу мектебінің жұмысы

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 5-6 наурыз күндері аралығында Орал қаласы Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ базасында Облыстық  «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің үшінші шақырылымы өткізілді. Мектеп жұмысына облысымыздың физика пәні бойынша 16 мұғалімі қатысты.

Жұмыс барысында  «Олимпиада есептерін шығару», «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында физика пәнін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» тақырыптары қарастырылып, практикалық бөлімінде мұғалімдер олимпиада есептерін шығарды.

Облыстық «Зерде-2017» озат тәжірибе алмасу мектебінің тыңдаушылары модератор ретінде жұмысты әрі қарай аудандық (қалалық) филиалдарда жалғастырады.

20180306124917
20180306091722
20180306124922
20180306124933
20180306135530