Әдістемелік кеңес отырысы туралы

on .

Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 наурыз күні кезекті облыстық әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Отырыс жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер талқыланды:

1. Институттың 2018 жылға арналған оқу-әдістемелік бағытындағы жұмыстары– Е.Н.Сафуллин, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

2. Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету нәтижесі - С.А.Мұратов, Қаратөбе ауданының білім  беру бөлімінің ӘК меңгерушісі; А.А.Нургалиева, Жәнібек ауданының білім  беру бөлімінің ӘК меңгерушісі;

3. Аттестаттау үдерісі барысында педагогтің кәсіби-тұлғалық дамуының ұйымдастырушылық-әдістемелік шарттары - А.Е.Рамазанова, Орал қаласы білім беру  бөлімінің ӘК меңгерушісі;

4. «Сабақты зерттеу» тәсілі: нәтиже және дамытатын тұстары - Л.Е.Абакиева, Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері;

5. Облыстың білім беру ұйымдарында кураторлық қызметтің жүргізілуі – А.Ж.Жалмуханова, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТӘжТЖ бөлімінің әдіскері;

6. БҚ индустриалды колледжінің іс-тәжірибесінен (модульдік оқыту технологиясы бойынша) - А.Б.Батырғалиева, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөлімінің әдіскері.

Талқыланған сұрақтардың қорытындысы бойынша облыстық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынды:

Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілеріне:

1. Білім беру ұйымдарындағы 9,11-сынып бітіруші түлектерге мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық жұмысын жүргізуді жүйелендіруге ықпал ету: сабақтың тиімділігін көтеру және оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы оқушыларды сапалы дайындау үшін оңтайлы жағдай жасауға; мектеп түлектеріне дайындық және емтихан өткізу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына; оқушылар және ата-аналарымен емтихан өткізу бойынша мәселелер туралы сыныптан тыс шараларды белсендіруге.

2. Мұғалімдерді аттестациялау процесінде алдын ала педагогтің кәсіби жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған, біліктілік деңгейін көтеруде кәсіби-тұлғалық дамуындағы жұмыстардың үздіксіздігі мен сабақтастығын жетілдіру үшін жағдай жасау. Соның ішінде педагогтің шығармашылық тәжірибесінің сипаты мен кәсіби қызметін талдау жұмысын күшейту.

3. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі зерттеу нәтижелерін таратуға ықпал ету.

4. Кураторлардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында семинарларға қатыстыру, іс-тәжірибелерін тарату  және жас кураторларға әдістемелік көмек ұйымдастыру.

Облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөліміне:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульдік технологияны оқыту бойынша Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің іс- тәжірибесі таратылсын (семинарлар, шеберлік сыныптар)

2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульдік оқытуды енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылсын.

1
2
4
3