«Кәсіби шеберхана» мектебін өткізу туралы

on .

2018 жылдың 13 наурыз күні жаңартылған білім беру стратегиясы жағдайында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілерінің теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және тереңдету мақсатында «Кәсіби шеберхана» мектебінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста  «Мұғалімнің «Көлденең» және «тік» мансабы» тақырыбы қаралды. Топтық жұмыс барысында Мектеп қатысушылары педагогтің даму моделін құрастырды.

«Заманауи сабақ талдауын жүргізу үшін әдістемелік ұсынымдар» тренингі барысында қатысушылар сабақты талдау мақсаттарын, түрлерін, жаңартылған білім беру мазмұнындағы сабақтың ерекше белгілерін талқылады.

Мектеп тыңдаушылары қаралған сұрақтардың өзектілігін атап өтті.

1
2
3
4
5