«Кітапхана қызметіндегі инновациялар» облыстық семинар

on .

2018 жылдың 15 наурызы күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты базасындаоблыстық «Кітапхана қызметіндегі инновациялар» тақырыбында семинары өткізілді. Семинар жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры бойынша әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты. Барлығы 38 адам.

Практика бөлімінде «Мектеп кітапханаларындағы көпшілік инновациялық жұмыстары», «Қазіргі мектеп кітапхана жұмысының креативті түрлері» шеберлік сыныптар көрсетілді.

Тәжірибе алмасу бөлімінде «Кітапхана жұмысындағы инновация түрлері», «Кітапхана – рухани жаңғыру жолында: кітап арқылы жаңашылдыққа»тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен мектеп кітапханашылары бөлісті.

Семинар барысында «Әдеби Ақжайық», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұсынған «100 кітап оқу», «20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз»жобалары мен «интерактивті оқыту», «Book Bingo», «Graphic organizer», «Әдеби карта», «Библиокеш» және де тағы да басқа мектеп кітапханаларында қолданғанып жүрген жаңа тәсілдерімен, олардың тиімділігі туралы талқыланды.

IMG0017
IMG0002
IMG0033
IMG0077
IMG0128
IMG0130
IMG0163
IMG0184
IMG0225
IMG0170
IMG0236
IMG0250
IMG0254