«Кәсіби педагог - 2018» облыстық байқауы

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сай 2018 жылдың 19 наурызы күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп – интернаты базасында жоғары кәсіби рейтингісі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін анықтау мақсатында «Кәсіби педагог – 2018» облыстықбайқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауға аудандық/қалалық байқаудың бірінші кезеңінің 16 жеңімпазы қатысты.

Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:

1. «Менің педагогикалық ұстанымым» - еркін формада өзін–өзі таныстыру.

2. Шеберлік сынып «Шеберлік ұстаханасы» - сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті мен кәсіби шеберлігінің көрінуі.

3. «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?» тақырыбындағы эссе.

Байқау қорытындысы бойынша:

 I орын –  Ерментаева Мерует Саткановна -  Ақжайық ауданы, Жайық НЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

II орын – Кенжебаева Динара Қыдырбайқызы - М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

III орын – Сабитов Нұржан Жумабекович – Зеленов ауданы, Асан ЖОББМБК қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

III орын – Нургалиева Айнур Искаковна – Сырым ауданы, Бұлан ОББМБК қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

 Номинациялар:

«Еңбекқор ұстаз» - Татаханова Бахытқаным Шынбулатовна  - Орал қаласының №34 МГ Асан Тайманов атындағы мектеп –гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

«Жаңашыл ұстаз» - Жолдасқалиева Гулбарам Жолдасқалиқызы  - Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

«Ізденімпаз ұстаз» - Кулакова Алтын Женисовна – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Байқау  қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге I, II, III дәрежелі дипломдары тапсырылды.

WhatsApp-Image-2018-03-20-at-154604
WhatsApp-Image-2018-03-20-at-154605
WhatsApp-Image-2018-03-20-at-154606-1
WhatsApp-Image-2018-03-20-at-154607