Облыстық «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің І-ші шақырылымы

on .

2018 жылдың 19-20 наурыз күндері Орал қаласы №1 ЖББОМ  базасында озат тәжірибе алмасу бағытындағы облыстық  «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің І-ші шақырылымы оздырылды.

Педагогикалық шеберлік мектебінің мақсаты жоспарланған, мақсатты бағытталған жұмыс пен кәсіби дағдыларын жетілдіру арқылы жас мұғалімдердің педагогикалық шығармашылықтары мен шеберліктерін, кәсіби құзыреттілігін көтеру, облыс мұғалімдерінің озат педагогикалық іс-тәжірибесін насихаттай отырып, шеберлік мектебінің қызметі арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу.

Мектептің жұмысына жас мамандар мен тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты, барлығы 43 педагог.

Педагогикалық шеберлік мектебінің І-ші шақырылымында семинар-практикум, тренинг, шеберлік сынып және коучинг түрінде тәжірибе алмасу алаңында «Заманауи сабақ. Ұйымдастыру талаптары», «Білім, дағды және құзыреттілікті бақылау. Бақылау әдістері мен құралдары», «Мұғалімнің эмоционалдық ұстамдылығы. Сабақта қарым-қатынас жасаудың орны», «Мұғалімнің  өзін-өзі жетілдіруі. Мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыруы», «Педагогикалық қызметін өзіндік саралау және сараптау»  т.б. тақырыптарында жұмыстар жүргізілді.

Қорытындысында, Педагогикалық шеберлік мектебінің қатысушылары өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті. Мектептің ІІ-ші шақырылымының қатысушыларына үй тапсырмалары берілді.

IMG-20180326-WA0071
IMG-20180319-WA0010
IMG-20180319-WA0013
IMG-20180319-WA0062
IMG-20180319-WA0014
IMG-20180326-WA0041