Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бірінші, екінші сынып мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары

on .

2018 жылдың 26 наурыз күні Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебі  және Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі базаларында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында бірінші, екінші сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны- сапалы білім кепілі» тақырыбында бірыңғай оқыту семинарлары оздырылды.

Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тілдік пәндерді оқытуда оқушылардың айтылым мен тыңдалым дағдыларын дамытудағы туындайтын мәселелер» тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәні мұғалімдері коучинг, шеберлік сыныптар көрсетті.

Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі базасында семинарды ұйымдастырушылар жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы ерекшеліктерінің бірі – оқу тәрбие  үдерісінде  «Өзара қарым-қатынас жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық тәсіл» әдістемелік шеберханасы, «Оқыту-тәрбие үрдісіндегі заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі», «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбындағы шеберлік сыныптарын ұсынып, өз ойларымен бөлісті.

Семинарлар соңы «Жаңартылған білім мазмұнындағы кері байланыстың маңыздылығы» рефлексиясымен қорытындыланды.

IMG2475
IMG2477
IMG2478
IMG2503
IMG2479
IMG2549
IMG2533