Облыстық «Менің ұстанымым - әдіскер» мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік қызметі бойынша озат тәжірибе алмасу педагогикалық қонақжайы

on .

2018 жылдың 26-27 наурыз күндері Орал қаласының №25 «Снежинка» және №34 «Балбұлақ» бөбекжайлары базаларында облыстық «Менің ұстанымым - әдіскер» мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік қызметі бойынша озат тәжірибе алмасу бағытындағы педагогикалық қонақжайының І шақырылымы оздырылды.

Педагогикалық қонақжайдың мақсаты - жоспарланған, мақсатты бағытталған жұмыс пен кәсіби дағдыларын жетілдіру арқылы жас әдіскерлердің педагогикалық шығармашылықтары мен шеберліктерін, кәсіби құзыреттілігін көтеру, облыс әдіскерлерінің озат педагогикалық іс-тәжірибесін насихаттай отырып, Педагогикалық қонақжай қызметі арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу.

Педагогикалық қонақжайға мектепке дейінгі ұйымдардың 30 жас әдіскерлері мен облыстық шығармашылық тобының 10 тәжірибелі әдіскерлері қатысты, барлығы 40 педагог.

Педагогикалық қонақжай барысында әдістемелік жұмысты нормативтік құқықтық сүйемелдеу бойынша кеңестер беріліп, «Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған Перспективалық жоспар мен циклограмманың құрылуы», «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жасау», «Педагогтердің озат педагогикалық жұмыс тәжірибелерін енгізу, талдау, зерделеу», «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда интеллектуалды ойындарды қолдану тәсілдері» және т.б. тақырыптарында семинар-практикум, шеберлік сыныптар, коучингтер түрінде тәжірибе алмасу алаңында жұмыстар жүргізілді.

Қорытындысында, педагогикалық қонақжай қатысушылары өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті. Қонақжайдың ІІ шақырылымына әдістемелік жұмыс жоспарларын жасақтау түрінде үй тапсырмалары берілді.

 

1
2
3
4
5
6
8
7
10
9