Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы

on .

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  мен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28-29 наурыз күндері математика пәні мұғалімдері арасында республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің  кәсіби әлеуетін арттыру, озық нәтижелерге қол жеткізу, іс-тәжірибесін зерттеу, насихаттау.

Республикалық олимпиадаға жалпы білім беру ұйымдары, республикалық мамандандырылған мектептерінің математика пәні мұғалімдері  барлығы - 17 топ, 68 қатысушы қатысты.

Олимпиада төрт кезеңнен тұрды. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма – алгебра және математикалық анализ негіздерінен, екінші тапсырма  – геометриядан, үшінші тапсырмада – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» тапсырмалар берілді.

Эксперттік комиссиясының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын -  Батыс-Қазақстан облысының «Батыс» және Ақтөбе облысының  «Экстрим» топтары;

ІІ орын - Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінің тобы, Атырау облысының «Тетраэдр» және Жамбыл облысының «Лидер 179» топтары;

ІІІ орын – Шығыс Қазақстан облысының «Шығыс», Астана қаласының «Самғау» және Павлодар облысының топтары.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге I, II, III дәрежелі дипломдары мен сыйлықтар табысталды.

DSC0490
DSC0474
DSC0543
DSC0498
DSC0601
DSC0626
DSC0628
DSC0629
DSC0632
DSC0641
DSC0651
DSC0660
DSC0676
DSC0694
DSC0699