«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы  мен Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 2-4 сәуір күндері аралығында жастар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттер арасында «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатты өткізілді.

2018 жылы 2 сәуір күні «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаттың салтанатты ашылуы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде, байқау тапсырмаларын орындау жарыс кезеңдері Орал политехникалық, Батыс Қазақстан индустриалды, Орал «Сервис» технологиялық, Сервис және жаңа технологиялар, Орал ақпараттық технологиялар, Ақсай техникалық колледждерінде және  «Балзия» ЖШС-ге өткізілді

WorldSkills Kazakhstan чемпионаттың негізгі мақсаты - жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, WorldSkills Ұлттық чемпионатына қатысу үшін өңірлік құрамды дайындау болып табылады.

Чемпионат 14 құзыреттілік: «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар», «Дәнекерлеу технологиялары», «Электр монтаждау», «Кірпішті қалау», «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «Бояу және сәндік жұмыстары», «Ағаш шеберінің ісі», «Шаштараз өнері», «Дизайн және киімдерді үлгілеу», «Аспаз ісі», «Мейрамхана сервисі», «Наубайшы шеберлігі», «Графикалық дизайн» және «Веб - дизайн» жұмыстары бойынша жүргізілді.

Өңірдің 26 оқу орнынан  келген 102 жастар өз күштерін ортаға салу мақсатында Орал және Ақсай қалаларына жиналды. Ең үздік жұмысшы мамандықтарын анықтау үшін 2 күн қатар 42 сарапшы қатысушылардың орындаған тапсырмаларының сапасын бағалады.

Аталған шараларға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев, Алматы қаласының «Хама Парк» мейрамхана кешенінің директоры, ұлттық сарапшы Серикхан Саметұлы Адильханов, Қазақстан аспазшылар ассоциациясының мүшесі Виктор Николаевич Чудинов, өңірлік кәсіпкерлер палатысының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, ардагерлер және колледж қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Нәтижесінде 4 сәуір күні Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында чемпионаттың жабылу рәсімінде жеңімпаздарға 14 алтын, 14 күміс, 14  қола медаль, дипломдар  және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының қорытындысы:

«Наубайшы шеберлігі»

1 орын – Амангосова Аэлита, Сервис және жаңа технологиялар колледжі;

2 орын – Есмадиярова Гүлбану, Сервис және жаңа технологиялар колледжі;

3 орын – Курмангалиева Диана, Сервис және жаңа технологиялар колледжі;

«Мейрамхана сервисі»

1 орын- Самигуллин Роман, Сервис және жаңа технологиялар колледжі;

2 орын – Мусагалиева Сабина, Сервис және жаңа технологиялар колледжі;

3 орын – Батыр Маржан, Сервис және жаңа технологиялар колледжі;

«Электр монтаждау»

1 орын – Славиогло Евгений, Ақсай техникалық колледжі;

2 орын – Уталиев Әлішер, БҚ индустриалды колледжі;

3 орын – Габдікаримов Орынбек, Бөрлі колледжі;

«Кірпішті қалау»

1 орын – Урынбай Айдар, Шыңғырлау колледжі;

2 орын – Жақсығұлов Беркін, Тасқала колледжі;

3 орын – Маратов Еламан, Шыңғырлау колледжі;

«Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар»

1 орын – Орынов Темірлан, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі;

2 орын – Супугалиев Даурен, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі;

3 орын – Тлес Дидар, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі;

«Дәнекерлеу технологиясы»

1 орын – Мурзагалиев Асланбек,  Батыс Қазақстан индустриалды колледжі;

2 орын –  Магжанов Дулат,  Орал политехникалық колледжі;

3 орын – Аленов Санжар, Шыңғырлау колледжі;

«Ағаш шеберінің ісі»

1 орын – Ысмағұлов Ернар, Орал политехникалық колледжі;

2 орын – Сахметов Асан, Орал политехникалық колледжі;

3 орын – Жұмақай Алдияр, Орал политехникалық колледжі;

«Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары»

1 орын – Биғалиев Ернар, Орал политехникалық колледжі;

2 орын – Ахметжанов Қайырбек, Шыңғырлау колледжі;

3 орын – Өмірзақов Райымбек, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі;

«Бояу және сәндік жұмыстары»

1 орын – Қаженов Бақтияр, Орал политехникалық колледжі;

2 орын – Камалетдинов Радик, Орал политехникалық колледжі;

3 орын – Болатов Қуаныш, Орал политехникалық колледжі;

«Графикалық  -  дизайн»

1 орын – Фралов Алексей, Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

2 орын – Шайхиев Марсель, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;

3 орын – Рахметов Данияр, Жәнібек колледжі;

«Веб - дизайн»

1орын – Богданов Вадим, Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

2 орын – Кулешов Роман, Батыс Қазақстан  академиялық колледжі «АТиСО»;

3 орын - Әжімұрат Асылхан, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі;

«Аспаз ісі»

1 орын – Гапонов Юрий, Сервис және жаңа технологиялар колледжі;

2 орын – Сарсенгалиев Еркебулан, Теректі колледжі;

3 орын – Погребняк Виктор, Орал «Сервис» технологиялық колледжі;

«Шаштараз өнері»

1 орын – Құспанов Сержан, Орал «Сервис» технологиялық колледжі;

2 орын –  Маратқызы Ақнұр, Технологиялық колледжі;

3 орын – Бердашева Арина, Технологиялық колледжі;

«Дизайн және киімдерді үлгілеу»

1 орын – Намазова Альфия,  Орал «Сервис» технологиялық колледжі;

2 орын – Тілекқаблова Бақыт, Орал «Сервис» технологиялық колледжі;

3 орын – Наурызбай Күнім, Технологиялық колледжі.

2018 жылы 3 сәуір күні «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаттың қатысушыларына демалыс кеші өткізілді. Чемпионат өту барысында мектеп оқушылары арасында техникалық және кәсіптік білімді кеңінен насихаттау және колледжге түсетін талапкерлерге кәсіби бағдар жұмыстарын күшейту мақсатында 17 мектептің  140 оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Орал ақпараттық технологиялар колледжі мен Сервис және жаңа технологиялар колледждерінде оқушылар үшін «Zhasskills» шарасы ұйымдастырылды.

SAM1703
SAM1797
2-3
20180403092500
20180402144430
DSC0131
DSC0068
DSC0321
DSC0326
DSC0325
DSC0349
DSC0357
DSC0359
DSC0378
DSC0389
DSC0400
DSC0414
DSC0448
DSC0461
DSC0479
DSC0482
DSC0490
DSC0486
DSC0492
DSC0831
DSC0501
DSC0877
DSC0978
DSC0994
DSC1040
IMG8594
IMG8978
-265
-561