Облыстық «Жас басшылар мектебі» жұмысы туралы

on .

2018 жылдың 9-10 сәуір аралығында облыстық «Жас басшылар мектебінің» кезекті отырысы өтті.

Отырысқа еңбек өтілі директор қызметінде бірнеше айдан 3 жылға дейінгі облыстың жалпы білім беретін мектеп басшылары қатысты.

«Мектеп» мақсаты – білім беруді ұйымдастырудың жедел және стратегиялық басқарудың прогрессивті құралдарын меңгерген кәсіби басшыларды дайындау.

«Сапаны басқару» («Мектепішілік бақылау: түрлері, формалары, әдістері, нысандары», «Жаңартылған білім беру мазмұны: екінші оқу жылы») және ««Ақпаратты басқару»» («Мектептің нормативті-құқықтық құжаттары», «Білім беру ұйымдары қызметтерінің құжаттарын жүргізу ережелері») модульдерінің мәселелері талқыланып, сабақтарға қатысып, талдау жүргізілді.

Орал қаласының директорлары: Н.Н.Даулеткалиева (№1 ЖОББМ), Л.Ю.Юшина (№3 ЖОББМ), М.У.Кабакова (№16 ЖОББМ) өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тыңдаушылар қаралған тақырыптардың ұсынылған теориясы және тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.

20180409123104
20180409120951
20180409165209
20180409154457
20180409165229
20180410122424
IMG-20180410-WA0157
IMG-20180410-WA0146
IMG-20180410-WA0183
IMG-20180410-WA0198
IMG-20180410-WA0191