«Тіл және әдебиет саласындағы төрт дағдыны оқушы бойында үйлесімді қалыптастыру» тақырыбында 2 сынып мұғалімдеріне арналған білім беруді шолу облыстық дөңгелек үстелі

on .

2018 жылдың 12 сәуір  күні облыстық Білім басқармасы базасында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Тіл және әдебиет саласындағы төрт дағдыны оқушы бойында үйлесімді қалыптастыру» тақырыбында 2 сынып мұғалімдеріне арналған білім беруді шолу облыстық дөңгелек үстелі оздырылды. Барлығы: 38 педагог қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде: пилоттық мектептердің қазақ, орыс, ағылшын тілдері мұғалімдері «Тыңдалым мен айтылым дағдысын қалыптастырудағы аудио, бейне ресурстар ерекшеліктері», «Сауат ашу пәнінде айтылым мен тыңдалым дағдыларын меңгерту жолдары» тақырыбына тоқталып, төрт дағдыны оқушы бойында үйлесімді қалыптастыру мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Орал қаласының №17 ЖББОМ мен №19 ЖББОМ мұғалімдерінің «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сыныптағы орыс тілі сабақтарында айтылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру» теориясы мен практикасының маңыздылығын шеберлік сыныбы арқылы көрсетті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті және көкейтесті сауалдарына жауап алды.

index
index1
index2
index3