Облыстық «Мектеп музейі: жаңа мүмкіндіктер» байқауы

on .

2018 жылдың 30 наурыз – 13 сәуір аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық «Мектеп музейі: жаңа мүмкіндіктер» байқауы өтті.

Аталмыш байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы музейлердің әлеуметтік-мәдени ресурстарын пайдалана отырып, музей педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру процесінде жаңа тәсілдемелерді іздеу және музей қызметіндегі ең үздік педагогикалық практикаларды анықтау.

Байқауға 11 аудан мен Орал қаласынан барлығы 12 музей жетекшілері қатысты.

Шараға музей саласының еңбек ардагері – С.Танабаева, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тарихи-этнографиялық мұражай жетекшісі – Н.Төлепов және Рухани жаңғыру бағдарламасының Батыс Қазақстан облысы өңірлік сарапшылар кеңесінің мүшелері төрелік етті.

Байқаудың І кезеңінде музей жетекшілерінің портфолиолары зерделенді.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы базасында байқаудың 2-ші кезеңі өтті.

ІІІ кезең бойынша Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Казталов, Тасқала аудандарында жылжымалы экспедициялық жұмыстар жүргізілді. Қорытынды кезең ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

І орын – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №2 ЖОББМ-нің музей жетекшісі Г.Сакимова;

ІІ  орын – Бөкей ордасы ауданының М.Мәметова атындағы ЖОББМ-нің музей жетекшісі А.Гумарова;

ІІІ  орын – Ақжайық ауданының М.Өтемісов атындағы ЖОББМ-нің музей жетекшісі Ж.Альпеисов;

Номинация иегерлері:

«Жаңашыл» – Казталов ауданының Ғ.Қараш атындағы Қараоба МГ-ның музей жетекшісі Р.Қайсағалиева, «Нәтижеге бағытталған»– Тасқала ауданының Амангельді ЖОББМ-нің музей жетекшісі Б.Дарменова.

Байқау жеңімпаздары білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

MG8388
IMG5992
DSC0112
IMG6021
IMG9622
IMG9632