Облыстық «Басшы кадрлар резерві мектебінің» жұмысы туралы

on .

2018 жылдың 16-17 сәуір күндері облыстық «Басшы кадрлар резерві мектебінің» кезекті отырысы өтті.

Мектеп тыңдаушылары – көшбасшылық қабілеті бар жас мамандар, іріктеуден өткен және резерв мамандар тізіміне қабылданғандар.

«Мектеп» мақсаты – мектеп басшысы лауазымына жоғары білікті маманмен дер кезінде алмастыру, басшы қызметкерді тағайындау кезінде тәуекелділіктің төмендеуі, қызметкерлердің сапалық құрамын жақсарту.

Келесі мәселелер қаралды: «Мектептің нормативті-құқықтық құжаттары («Білім туралы» Заңы», «ҚР Еңбек кодексі», «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың аттестациядан өткізу  ережесі мен шарттарының жаңа форматы»)», «Білім беру ұйымдары қызметінің құжаттандыру қағидалары», «Мектепішілік бақылау – білім сапасын басқару құралы ретінде», «Жаңартылған білім беру мазмұны: екінші оқу жылы».

Орал қаласының директорлары: Н.Н.Даулеткалиева (№1 ЖОББМ), Л.Ю.Юшина (№3 ЖОББМ), М.У.Кабакова (№16 ЖОББМ) өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тыңдаушылар қаралған тақырыптардың маңыздылығын атап, мәселелерді белсене талқылап және тәжірибелерімен бөлісіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды.

20180416121202
20180416121711
20180416122958
20180416140125
20180416154249
20180416165641
20180417145954
20180417150141
20180417155640