«Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау» атты облыстық семинар-практикум өткізілді

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 17-18 сәуірінде білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың  психологиялық денсаулығын сақтау,  қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, оқу-тәрбие үдерісіне психологиялық қолдау және жас педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау» атты облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының 33 жас педагог-психологтері қатысты.

Семинар-практикумның теориялық және практикалық бөлімдерінде Облыстық мамандандырылған дарынды  балаларға арналған мектеп-интернатының психологтері Қ.Райымова, О.Ерниязов, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп -интернат кешенінің психологі Н.Кадырова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында білім беру ұйымдарында әлеуметтік-психологиялық қызметтің қағидалары, білім беру мазмұнын жаңартуда 1,2,5,7 сынып оқушыларының бейімделуін психологиялық қолдау, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық анықталған жағдайдағы жұмыс жүргізу алгоритмі және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бойынша практикалық жұмыстар көрсетіліп, жас педагог-психологтерге психологиялық кеңестер берілді.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.

20180417142825
20180417151641
20180418100256
20180418101408
20180418101914
20180418121915
20180418143214
20180418143219