«Жалпы білім беретін мектеп сыныптарындағы түзете – дамыта оқыту жұмыстарының әдістері» тақырыбындағы аймақтық семинар

on .

2018 жылдың 12,18, 25 сәуір аралығында Бөрлі, Казталов және Тасқала аудандарында білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектеп сыныптарындағы түзете – дамыта оқыту жұмыстарының әдістері» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – топтық және жеке кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектеп сыныптарындағы түзете – дамыта оқыту жұмыстары әдістерінің қызметін үйлестіру, тәжірибе алмасу.

Аймақтық семинарға  аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандары, әдіскерлері мен жалпы білім беретін мектептердегі түзете-дамыта оқыту сыныптарындағы мұғалімдер, дефектолог, логопедтері қатысты.

Оқыту семинары барысында ерекше  білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңартылған білім беру мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда орта және қысқа мерзімді жоспарларды, критериалды бағалау, рефлексия түрлері және рубрика жүргізу мәселелері  талқыланды.

Семинарға қатысушылары талқыланған мәселердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті және бірлескен ұсыныстар дайындады.

Аймақтық семинарға барлығы 185 адам қатысты.

IMG6253
IMG6260
--636
--668
--694
--733