«Заманауи әдіскер: бастама, шығармашылық, құзыреттілік» тақырыбындағы әдістемелік ассорти туралы (халықаралық қатысуымен)

on .

2018 жылдың 23-24 сәуір күндері облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сай «Заманауи әдіскер: бастама, шығармашылық, құзыреттілік» тақырыбындағы әдістемелік ассорти өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім сапасын жақсарту бағытында аудандық (қалалық) білім беру бөлімі әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету.

Қатысушар саны  - 68 аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері.

Ассорти жұмысында Ресей Федерациясы Саратов облысы Совет муниципалдық ауданы білім басқармасының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің әдіскері Волкова Галина Александровна бөлімнің жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Әріптестеріміз «Заманауи педагог имиджі», «Маған керек әлем...», «Қызықты жанымызда...» тақырыптарында шеберлік сыныптарын ұсынды.

«Әдіскер: кәсіби шеберлік сырлары» бөлімінде  аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері Л.Т.Жолбатырова (Бөрлі) «Педагогтермен жұмыстанудағы белсенді әдістер  - кәсіби даму факторы», Р.А.Аткешова (Казталов) «Сабақты талдау – сабақты жетілдірудің жолы», М.Ғ.Сакиева (Шыңғырлау) «Зерттеушілік құзыреттілік – педагогтың кәсіби жетілуінің ажырамас бөлігі» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді. Педагогикалық шеберлік орталығының критериалды бағалау бойынша тренерлері Э.О. Орынбасарова «Критериалды бағалау - оқушылардың  білім алу қызметін белсендендіру тәсілі ретінде», Н.Ж. Чигирев «Критериалды бағалау – оқу процесінің маңызды факторы», А.К.Жаннатова «Критериалды бағалау - оқушылардың сәтті білім алу шарты»  тақырыптарында шеберлік сыныптарын көрсетті.

Әдістемелік карусель жұмысын облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері З.Ш. Шайханова, У.М. Ажикенова, А.Қ.Айтжанова және Ж.Н.Құспанова ұйымдастырып өткізді. Топтық жұмыс барысында «Сабаққа мақсат қою», «Оқудағы кедергілерді жеңу бағытындағы топтық жұмыстың ықпалы», «Жүйелік-әрекеттік оқытуды әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асыру», «Педагогикалық рефлексия мұғалімнің кәсіби дамуының құралы ретінде»   тақырыптары қамтылды.

Мектепке дейінгі ұйымдар жөніндегі әдіскерлерге  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Д.Т.Кудашева «Әдістемелік қызметті дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету факторы»әдістемелік галерея жұмысын өткізді. Тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлерге ООӘК-ң тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмыс бөлімінің басшысы З.А.Габбасова және әдіскер А.Ж.Жалмуханова «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие саласы бойынша оқу-әдістемелік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру»  тақырыбында Квест ойынын ұйымдастырды.

Ассортиде  «Қарым-қатынас мәдениетінің мектебі» жұмыс жасады. Осы бөлім барысында Г.Л. Асауова,  Теректі ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің психологиялық қолдау және инклюзивті  білім беру әдіскері «Табысты немесе тиімді қарым - қатынас орнату дағдылары», З.Ғ.Мұхтар, Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі «Өзіңе нық сенімді болу», З.Е. Ахметова, Ж. Досмухамедов ат.Орал педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы «Эмоциялық интеллект», О.М. Казанцева,Орал қаласыЭБМГ-ң орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Көпшілік алдында шебер сөз сөйлеу табыстылығы»  тақырыптарында тренингтер сәтті ұйымдастырып өткізді.

Кері байланыс бойынша іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып өтті.

--261
--268
--270
--271
--273
--272
--275
--274
15
17