ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында «Адамзат таныған ұлы тұлға - Шаһкәрім» атты облыстық көрермен-оқырман конференциясы туралы

on .

2018 жылғы 24 сәуір күні Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында «Адамзат таныған ұлы тұлға Шаһкәрім» атты облыстық студенттік  көрермен-оқырман конференциясы өтті. Конференцияға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.

Мақсаты: Шаһкәрім Құдайбердиевтің өмірбаяны және шығарамашылығымен таныстыру, студенттердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Конференция жұмысы екі секцияда жүргізілді, оған барлығы 40 студент қатысты. Шаһкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар оқылып, поэма – дастандарына буктрейлерлер ұсынылды.

Үздік деп танылған студенттердің жұмыстары облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің   грамоталармен марапатталды.

«Үздік баяндама» аталымы бойынша:

  1. Қ. Мұхтар, Ф.Таупен - Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж;

  2. К.Жұмаева – М.Б Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі;

  3. Т.Серікқалиев – Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі;

  4. А. Мұратова - Технологиялық колледжі;

  5. С.Қазихан - Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;

  6. Б.Жұмабай - Бөкей ордасы колледжі.

«Үздік буктрейлер» аталымы бойынша: 

  1. М.Сәрсен - Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

  2. З.Муратбекова - Қаратөбе колледжі;

  3. Н.Балгалиев - Сырым колледжі;

  4. О.Мендіғалиев - А.Ештенов  Орал «Сервис» техникалық колледжі;

  5. Ә. Таубаева -  Құрманғазы атындағы саз колледжі;

  6. Д. Мухтаров - экономика және ақпараттық технологиялар колледжі.

Барлық қатысушыларға облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің   сертификаттары табыс етілді.

DSC0067
DSC0083
DSC0090
DSC0094
DSC0121