Облыстық «Ойын – ойды өсіреді» сайысы

on .

2018 жылдың 20 сәуір күні Орал қаласының №48 «Мұрагер» бөбекжайы базасында облыстың мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында «Ойын-ойды өсіреді» атты облыстық сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Педагогтердің логикалық ойлау қабілеттері мен интеллектуалдық ой-өрісін дамыта отырып ойынға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Сайысқа мектепке дейінгі ұйымдардың 20 педагогі қатысты.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен Шахмат ойыны бойынша I орынды Бөрлі ауданы №6 «Шаңырақ» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы Э.Құрмашева, II орынды Орал қаласы №43 ЖОББМ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Б.Нұрпекеева, III орынды Орал қаласы №35 «Шұғыла» бөбекжайының информатика пәні мұғалімі С.Әділгереев, «Ұшқыр ойлы педагог» аталымын  Зеленов ауданы Мичурин мектеп-балабақша кешенінің тәрбиешісі Ж.Борамбаева иеленді.

Дойбы ойыны бойынша I орынды Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №2 бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы Б.Төлеушов, II орынды Теректі ауданы «Бөбек» бөбекжайының музыка жетекшісі Д.Ғабдулова, III орынды Қаратөбе ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі А.Мендіғалиева, «Зияткер ойыншы» аталымын Тасқала ауданы  «Ақбөпе» балабақшасының тәрбиешісі А.Ідірісова иеленді.

Сайысқа қатысушылар Білім басқармасының Диплом, Грамоталарымен және облыстық оқу әдістемелік кабинетінің бағалы сыйлықтары және Сертификаттарымен марапатталды.

 

IMG9390
IMG9413
IMG9431
IMG9462
IMG9527
IMG9522
IMG9544
IMG9628
IMG9606
IMG9641
IMG9637