Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы туралы

on .

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарлмасы аясында студенттерді кәсіпкерлік ортаға бейімдеп, шығармашылық  әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында  «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы оздырылды.

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауына  сарапшы ретінде   М.Өтемісов атындағы  БҚМУ  Халықаралық  жобалар  жетекшісі, п.ғ.к.,  доцент Г.А. Ергалиева, БҚО Кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің І санатты сарапшысы Н.Е.Айтбаев және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ БҚО бойынша филиалының  бас менеджеріЕ.Хабидуллиндер  қатысты.

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауының ІІ кезеңіне  20 жоба өтіп, қорғалды. 

Байқау барысында арнайы мамандар студенттерге болашақта жобаларын жүзеге асыру жөнінде құнды  кеңестер берді.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар облыстық білім басқармасының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен  және грамоталарымен марапатталды:

І орын - Б.Капезов, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж;

ІІ орын - Ж. Мубинов, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж;

ІІ орын -  А.Сүйешова, Технологиялық колледжі;

ІІІ орын - Сарыбек, Р.Тлекқабылов, Е.Бақытов, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі;

ІІІ орын - Т. Аймукашев, Рубежка колледжі;

ІІІ орын - В. Зотов, Орал ақпараттық технологиялар колледжі.

Номинациялар бойынша:

 «Жаңа бастау» - А.Гиззатов, А.Иманов атындағы жол- көлік колледжі;

«Ізденімпаз тұлға» - Ж.Абдуалиев,  Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі;

«Іскерлік идея» - Қ. Садыров,  Орал политехникалық колледжі;

«Жас талап - 2018»  - А. Курманова,  Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

«Ұтқыр ой» - И. Ефанов, Шыңғырлау колледжі.

IMG8593
IMG8675
IMG8735
IMG9142