Облыстық «Шағын жинақты мектеп және мен» байқауы

on .

Облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір күні «Шағын жинақты мектеп және мен» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің шағын жинақты мектептердең 12 үміткер қатысты.

Байқау білім беруде заманауи педагогикалық технологияларды жетік меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби білігі жоғары, талантты педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау екі бөлімде өтті:

Сырттай бөлімде қатысушылардың біріктірілген сыныптардағы  бейне сабағы, сабақ жоспары мен «Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбында мақалалары ұсынылды.

Шығармашылық бөлімде сайыскерлер екі турдан тұратын сайысқа түсті. 

Бірінші турда «Педагогикалық шеберлік шыңы». Байқауға қатысушылар кәсіби қызметімен таныстырды және ұйымдастырудағы қазіргі және инновациялық амалдарды көрсетті. Сонымен қатар, педагогикалық проблемасын анықтай отырып, шешу жолдарын ұсынды.

Екінші турда қатысушыларөз таңдау пәні  бойынша «Шағын жинақты мектептегі үздік сабақ» тақырыбынасабақ үлгісін ерекше шығармашылықпен шеберлік сыныбын көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттары және бағалы сыйлықтарымен төмендегі шағын жинақты мектеп мұғалімдері марапатталды:

-       Бас жүлде – Какимоллаев Райымбек Диясұлы, Шыңғырлау ауданы Сегізсай негізгі жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі;

-       І орын – Тлеков Райымбек Сүйінғалиұлы, Казталов ауданы Тереңкөл  орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

-       ІІ орын – Тасымғалиева Арайлым Сарсенбайқызы, Бөрлі ауданы Тихонов жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі;

-       ІІІ орын – Сарсенова Лунара Қуатқызы, Теректі ауданы Чапаев орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі.

 Номинациялар:

-       «Үздік креативті педагог» - Байтақова Арайлым Бақытқызы, Жаңақала ауданы Плантация бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

-       «Үздік жаңашыл педагог» - Андирова Күнсұлу Нысанқызы, Зеленов ауданы Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

-       «Үздік шығармашыл педагог» - Есенбаева Зияда Төлемісқызы, Бөкей ордасы ауданы Т.Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі.

IMG-20180504-WA0022
IMG-20180504-WA0024
IMG-20180504-WA0026
IMG-20180504-WA0032
IMG-20180504-WA0033
IMG-20180504-WA0035