Математика және физика пәндері мұғалімдерінің V облыстық шығармашылық конкурсының қорытындысы

on .

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті 2018 жылдың 28 сәуір күні  дарынды балаларға арналған мамандандырылған   С.Сейфуллин атындағы  №11 облыстық қазақ мектеп - интернат кешенінің базасында  математика және физика пәндері мұғалімдерінің арасында  оқушылармен олимпиадалық конкурстарға дайындық жұмыстарын жүргізетін және өзін – өзі жетілдіретін,  келешекте тұлғалық және кәсіби шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді анықтау мақсатында V облыстық шығармашылық конкурсын ұйымдастырып, өткізді.

Конкурсқа облыс бойынша 34 мұғалім қатысты. Облыстық конкурстың жеңімпаздары болып танылды:

Математика пәні бойынша

-         І орын – Нигметуллина Самал Баимбетқызы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты;

-         ІІ орын – Қалбаев Жандосым Темрғалиұлы, Орал қаласы Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы;

-         ІІ орын – Тұяқбаева Шолпан Ташенқызы, Сырым ауданы жалпы білім беретін Ж.Досмухамедов атындағы орта мектеп - балабақша кешені;

-         ІІІ орын – Сисенова Айнұр Серікқалиқызы, Казталов ауданы А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

-         ІІІ орын – Хамзиева Назгүл Нұрдавлетқызы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі;

-         ІІІ орын- Кенжекеева Салтанат Жадгерқызы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебі.

Физика пәні бойынша

-        І орын  - Батыков Артур Ерғазыұлы, Зеленов ауданы Үлкен Шаған жалпы орта білім беретін мектебі; 

-        ІІ орын – Шүйнішбаева Нұрби Даниалқызы, Казталов ауданы А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

-        ІІ орын – Татаренко Елена Владимировна, Орал қаласы А.Макаренко №6 жалпы орта білім беретін мектебі;

-        ІІІ орын - Короткова Татьяна Владимировна, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебі;

-        ІІІ орын - Жусупкалиева Клара Қайдарқызы, облыстық туберкулезге қарсы шағын жинақталған мектебі;

-        ІІІ орын - Сақиева Арайлым Кажғалиқызы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі.

Конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

20180428090644
20180428104034
20180428090818
20180428155229
20180428184410
20180428184749