«Мамандық әлемі» атты облыстық онлайн режимдегі дөңгелек үстел

on .

2018 жылдың 4 мамыр күні БҚО білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 4 сәуір мен 4 мамыр аралығында өткен мектеп түлектері арасындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіру бойынша «Мамандық әлемі» атты айлығын қорытындылау мақсатында облыс бойынша білім беру ұйымдары басшыларына, кәсіптік бағдар беру бойынша жауапты мамандарына облыстық онлайн режиміндегі дөңгелек үстелұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге БҚО  Кәсіпкерлер палатасы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің өкілдері қатысты.

Жұмыс  барысында «Мамандық әлемі» айлығының қорытындысы, жалпы орта білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формаларының тиімділігі, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары талқыланды.

20180504110251
20180504110256
20180504110304
20180504110314
20180504112350