«Жалпыадамзаттық құндылықтар – колледжінің тұтастай педагогикалық үрдісінің негізі» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларына арналған семинары туралы

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 11 мамыр күні Орал гуманитарлық - техникалық колледжі базасында, «Жалпыадамзаттық құндылықтар – колледжінің тұтастай педагогикалық үрдісінің негізі» семинары оздырылды. Семинардың мақсаты - жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.

Семинар жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалының қызметкері, «Өзін-өзі тану» пәні оқытушылары қатысты.

Практикалық бөлімде «Шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттері», «Адам бақыты», «Жақсылық-жан шуағы», «Өмірді қызықтыру» шеберлік сыныптарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқытушылар оқыту барысында түрлі әдістерді қолдана отырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар аталған шараның өзектілігі туралы пікірлерімен алмасты.

20180511102719
20180511102913
20180511104926
20180511120213
20180511120912
20180511130925
IMG-20180511-WA0069
IMG-20180511-WA0072