«Бәсекеге қабілетті маман дайындау: теория, тәжірибе және дамыту бағыттары» іс-тәжірибе алмасу семинары

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика»  мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының кәсіби біліктіліктерін инновациялық технологиялар арқылы жан-жақты дамыту мақсатында 2018 жылдың 11 мамырында Орал «Сервис» технологиялық колледжі базасында «Бәсекеге  қабілетті маман дайындау: теория, тәжірибе және дамыту бағыттары» облыстық  іс-тәжірибе алмасу семинары оздырылды.

 Семинар жұмысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының   «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу», «Шаштараз өнері және сәндік  косметика»  мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары  қатысты.

Семинар екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде  өндірістік оқыту  шеберлері мен арнайы пән оқытушылары модуль бойынша жасақталған оқу-әдістемелік кешендерімен таныстырса, екінші  бөлімде шеберханаларда  өндірістік шеберлері  мен арнайы пән оқытушылары студенттермен бірге практикалық тұрғыда  шеберлік сыныптар көрсетті.

Семинарда «Буф техникасымен жасалған бұйымдар», «Лентадан жасалған гүлдер», «Ескі қолшатырды жаңарту идеялары», «Гель-лакпен жұмыстану технологиясы» тақырыбындағы шеберлік сыныптарда  студенттерге  мамандықты терең ұғындыру және қыр сырын көрсету бағытында практикалық тұрғыда түрлі жұмыстар ұйымдастырылды.

Қорытындысында қатысушылармен пікір алмасып, рефлексия жүргізілді.

IMG-20180516-WA0016
IMG-20180516-WA0017
IMG-20180516-WA0018
IMG-20180516-WA0019
IMG-20180516-WA0021