«Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2018» облыстық байқауы

on .

2018 жылдың 15 мамыры күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында облыстық оқу – әдістемелік кабинеті Орал қаласы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында алғашқы рет облыстық «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2018» байқауы оздырылды. Байқауға 9 оқырман отбасы қатысты.

Байқау «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы», «Түймедақ», «Оқылған шығарманың мазмұнына сай мақал-мәтел табу», «Білім көзі кітапта» 4 бөлімі бойынша сынға түсті.

Бас жүлде Ақжайық ауданы Сарсенгазиевтар отбасы, І орынды Орал қаласы Кереевтер отбасы, ІІ орынды Бөрлі ауданы Шариповтар отбасы, ІІІ орынды Тасқала ауданы Еслашевтар отбасы иеленсе, Қаратөбе ауданынан Азербаевтар отбасы «Үздік креативті отбасы», ал Шыңғырлау ауданынан Асуовтар отбасы «Білімпаз отбасы» аталымдар анықталды. Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

DWPY9142
FPID5453
GGGD0799
IDBN2253
IMG2761
IMG2767
IMG2772
LHZQ4371
PDAH1516
PXEY7205
URJL6482
VDBW0537
WDYW9310