Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Үздік автомеханик» облыстық байқауы туралы

on .

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2018 жылғы жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру саласын насихаттау, жұмысшы мамандардың беделі мен кәсіби білікті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру және қабілетті студенттерді анықтау  мақсатында  2018 жылдың 22 мамырында А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында 1201000 «Автокөлік жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету»мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Үздік автомеханик»  облыстық байқауы  өткізілді.

Байқау соңында жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен    Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар,  грамота  және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаты, бағалы сыйлықтарымен  марапатталды:

I орын – Ғ.Мамбеталиев,А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің студенті (жетекшісі Г.Шамшенова);

II орын – Р.Серікқалиев, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті (жетекшісі Б.Имашева);

III орын – М.Есендосов, Батыс Қазақстан  инженерлік-технологиялық колледжінің студенті (жетекшісі А.Уахитов);

III орын – П.Шлапак, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің студенті (жетекшісі К.Хафизов);

Аталым бойынша:

«Өз ісінің шебері» Т.Мақсот,  Ақсай техникалық колледжінің студенті (жетекшісі Т.Мурзаева).

img0989
img1071
img1082
img1225
img1259
img1255