«Өсу қадамы» облыстық ТжКББ ұйымдарының жас әдіскерлер мектебінің ІІІ оқу кезеңі туралы

on .

2018 жылдың 23 – 24 мамыры күндері Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде ТжКББ ұйымдары арасында «Өсу қадамы» жас әдіскерлер мектебінің кезекті оқыту семинары болып өтті.

Семинар жұмысының мақсаты - қызметті  жаңа  бастаған әдіскерлердің жеке кәсіби   қалыптасуына әдістемелік қолдау көрсету, міндеті - білім беру мекемелеріндегі әдіскерлердің рөлін арттыру, кәсіби құзіреттілігін  дамыту, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мәселелерді  анықтау, оларды  шешуге көмек көрсету, дәстүрлі  жұмыс  формаларының  жетілдірілуі және  оқу үдерісіне инновациялық  технологиялардың енгізілуі, озат  педагогикалық тәжірибені тарату жұмысында әдістемелік көмек  көрсету, сандық, ақпараттық технологияларды заманауи білім беру және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру барысында тиімді пайдалануды үйрену, CLIL–оқыту технологиясын оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық іс – тәжірибеге енгізуболды. Екі күндік семинардың жұмыс бағдарламасында  мынадай сұрақтар қаралып тыңдаушылардың назарына ұсынылды:

- Әдістемелік кеңес – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны, Ж. Р Ильясова - директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

- Әдіскер жұмысын жүргізуге қатысты нормативтік  құқықтық құжаттармен жұмыс,  Г. Ж Турешова - директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, Орал политехникалық колледжі;

- Педагогтар мен жұмыстанудағы белсенді әдістер – кәсібилікті арттыру факторы ретінде Л.Т Жолбатырова - Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, А. А Зиинова - аудандық білім беру бөлімінің әдіскері;

- 2018-2019 оқу жылына оқу әдістемелік жұмыс жоспарын, құруды талқылау  С.С Сагубаева - әдіскер, Теректі колледжі;

- Оқулықтарды,  оқу-әдістемелік кешендерді  (ОӘК) және оқу әдістемелік құралдарды (ОӘҚ) әзірлуге әдістемелік нұсқаулар Л.Р Нургалиева - облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері;

- CLIL – технологиясын оқу үрдісінде пайдалану, А.Н Галиаскарова - арнайы пән оқытушысы,  Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;

- Мобильдік қосымшалар заманауи білім беру үрдісінде Л. Е Рамазанова - ақпараттық пәндер оқытушысы, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;

- Зерттеу жұмыстары мен жобаларды дайындау   әдістемесіне қойылатын талаптар  Қ. Т Утегенова – п.ғ.к, орыс филалогия кафедрасының доценті,  М.Өтемісов атындағы БҚМУ;

- «Эмоциялық интеллект» З. Е Ахметова - ағылшын тілі пәні оқытушысы, Ж.Досмухамедов ат. педагогикалық колледжі.

---2018-040
---2018-046
---2018-067
---2018-069
---2018-095
---2018-102
---2018-131
---2018-273
---2018-276